Қазақстандық журналистер өз жұмысында жасанды интеллект қолданбақ

13 Сәуір 2024, 19:46
381
Бөлісу:
Қазақстандық журналистер өз жұмысында жасанды интеллект қолданбақ
Фото: pixabay.com

Алдағы уақытта өңірдегі журналистика саласы әлемдік трендке аяқ баспақ. Қазір нейрондық желі мамандары заманауи жүйені қолдану ережелерін түсіндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ЖИ – заман талабы. Қазір сол арқылы саланы түрлендіріп қана қоймай, жаңа контент істеуге болады. Ол үшін әрбір маман құрылғыны толықтай игере алуы қажет. Мұны жобаны қолға алған «Жетісу Медиа» ШЖҚ  МКК басшысы Шыңғыс Бозым түсіндіріп берді.

Бүгінде технология мен ғылыми үдеріс үздіксіз даму үстінде. Оның айнымас бөлігі ретінде ЖИ-дің манызы зор. Ол тек қана ғылым саласын ғана қамтымауы қажет, бизнес, шығармашылық және ақпараттық  процесстер  үшін де рөлі жоғары. Мәселен, мақала, кітап жазу, фотосуреттерді генерациялау, суреттерді жандандыру, дауысты өңдеу және синтездеу, музыка жазу, фотосуретті 3D форматында цифрландыру секілді артықшылыққа ие. Мұны әріптестеріміздің білгені абзал», дейді Ш.Бозым.

Жақында облыстық  БАҚ  қызметкерлеріне арналған «Жасанды интеллектті енгізу және оқыту» семинар-тренинг өткен еді. Сонда қаламгерлерге жүйенің жұмыс істеу барысын толық түсіндірілді. 

Енді «Вестник Жетісу» газеті  мен  Өңірлік коммуникациялар қызметі, радио, теледидар және YouTube арналарда күнделікті хабарландырулар мен дайджест дайындау кезінде жасанды интеллект қолданбақ. Осылай өңір журналистикасы жаңа дәуірге аяқ баспақ.

Жоба жетекшісінің айтуынша, облыс көлемінде мультимедиялық журналистикада ЖИ қолданудың алғашқы қадамы жасалған. Бүгінде YouTube арналарында осы тақырып кеңінен таралғаны һәм оқырманға әлдеқайда қызығырақ екені байқалады. Келешекте ұсынылатын мазмұн спектрі кеңейтіліп, жаңа контенттер жасалады. 

Өзгелердің жаңалығы