Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық ұшақтар Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады

13 Маусым 2025, 14:27
741
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Air Astana компаниясы қазақстандық ұшақтар Иран мен Ирак әуе кеңістігінің айналып ұшатынын мәлімімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Иран мен Ирактағы ахуалға байланысты Air Astana мен FlyArystan рейстері балама бағыттармен ұшады. Әуе компаниясы жолаушылар рейс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертті.

Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады, - деп жазылған әуе компания таратқан хабарламада. 

Компания жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеріп, телефон арқылы да қадағалап отыруды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранға қарсы әуе шабуылдарын бастаған болатын. Сонымен қатар елшілік те Израильдегі қазақстандықтарға маңызды нұсқаулықтар айтты. 

Өзгелердің жаңалығы