Қазақстандық Сергей Морозов UFC-де жеңіске жетті

26 Маусым 2022, 11:01
1411
Бөлісу:
Қазақстандық Сергей Морозов UFC-де  жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізді.

UFC Vegas 57 турнирі аясында өткен жекпе-жекте, Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) үш раунд бойы айқасып, қорытындысында төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұл Морозовтың UFC турниріндегі төртінші жеке-жегі. Қазақстандық файтер Умар Нурмагомедов және Даглас Сильва де Андрадеден жеңіліп, Халид Таханы жеңген болатын. Ал бразилиялық спортшының бұл UFC-дегі жетінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловты (14-7) жеңген еді. Сонымен қатар UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы