Қазақстандық өрт сөндірушілер жаңа формаға ауысады

17 Шілде 2023, 17:02
660
Бөлісу:
Қазақстандық өрт сөндірушілер жаңа формаға ауысады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сырым Шәріпханов құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін аппараттық кеңесте ТЖ министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ бейінді құрылымдық бөлімшелерге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды.

Министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылатын болады. Олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың барлық ұсынысын ескеретін болады. Жұмыс тобы осы бағыттағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді де зерттейтін болады.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары көбінесе жеке құрам үшін қиын, әрі күрделі түрде өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы да, функционалды да болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек, - деді Шәріпханов.

Өзгелердің жаңалығы