Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық оқушылар IChO-2025 халықаралық химия олимпиадасына қатысады

5 Шілде 2025, 13:48
567
Бөлісу:
 Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар IChO-2025 халықаралық химия олимпиадасына аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде 57-ші Халықаралық химия олимпиадасы (IChO-2025) өтеді. Олимпиадаға 90-нан астам елдің үздік жас химиктері қатысады.

Қазақстан құрамасына – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған төрт дарынды оқушы енді:

  • Абылай Кабдулхадыр – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Аңсар Жақсылықов – Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Еңлік Бақытбекова – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Кирилл Ким – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:

  • Санжар Бегдаир – Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) магистранты, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
  • Ринат Илюсизов – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Химиядан халықаралық олимпиада (IChO) – мектеп оқушыларының теориялық және практикалық білімдерін бағалауға бағытталған 7 беделді олимпиадалардың бірі. Қазақстан құрамасы аталған жарысқа 1998 жылдан бастап қатысып келеді. Осы күнге дейін құраманың қоржынында 10 алтын, 35 күміс, 48 қола мен 4 грамота бар.

Өзгелердің жаңалығы