Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

17 Мамыр 2019, 09:47
1753
Бөлісу:
Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Vesti.kz. 

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 17 мамырда канадалық Монреальда өтеді. Астана уақытымен кездесу 18 мамырда таңда басталады. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалауға болады.

Боксшы салмақ өлшеу рәсімінің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Бұған дейін Батыр Жүкембаев Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отыруға жақын екенін хабарлаған еді. 

Боксшы кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті. 12 кездесуді нокаутпен аяқтаған.

Өзгелердің жаңалығы