Қазақстандық делегация Мәскеудегі Даңқ Обелискіне тағзым жасады

9 Мамыр 2023, 10:30
712
Бөлісу:
Қазақстандық делегация Мәскеудегі Даңқ Обелискіне тағзым жасады
Фото: polisia.kz

ІІМ Алматы академиясының кафедра бастығы Олег Цой қызметтік іссапар барысында Мәскеу облысындағы Даңқ Обелискіне барып, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға құрмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Polisa.kz сілтеме жасап.

Дәл осы жерде, яғни Мәскеу маңында Қазақстанда құрылған генерал-майор Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясының сарбаздары мен офицерлері Волоколамск бағытында фашистік басқыншылармен шайқасты. 

Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры Бауыржан Момышұлы бұл шайқастарда жанқиярлық батылдығымен ерекшеленді. 

Қазақстандықтардың батылдығы мен ерлігі туралы «Волоколамск тас жолы» және «Артымызда Москва» атты панфиловшылардың әскери жолы туралы әңгімелер мен романдар жазылды.

Өзгелердің жаңалығы