Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте екінші рет жеңіске жетті

9 Шілде 2022, 06:39
1583
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте екінші рет жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (2-0, 2 КО) Бад-Вильдунгенде (Германия) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

21 жастағы алматылық бірінші орта салмақта грузиялық Бека Мурджикнелимен (6-24-1, 4 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Виктор Темиров кәсіпқой бокста 2021 жылы 10 шілдеде дебют жасады. Ол кезде Мюнхенде (Германия) тағы бір грузиялық боксшы Гурам Куртанидзені (4-15-5, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы