Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік: ҰҚТ-ның басшылары мен қатысушылары жауапқа тартылды

10 Ақпан 2022, 11:28
1564
Бөлісу:
Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік: ҰҚТ-ның басшылары мен қатысушылары жауапқа тартылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар қылмыстықтық топтың басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.

Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері бойынша ұсталғандардан төмендегідей қару-жарақ түрлері алынды: екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130-дан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Барлық ұсталғанға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Өзгелердің жаңалығы