Қазақстандағы қазіргі дағдарысты «Азия жолбарыстары» да басынан өткерген – ресейлік сарапшы

2 Ақпан 2022, 13:00
1269
Бөлісу:
Қазақстандағы қазіргі дағдарысты «Азия жолбарыстары» да басынан өткерген – ресейлік сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясындағы «Комсомольская правда» газетінің сайтында Қазақстандағы қаңтар трагедиясы туралы көлемді сұхбат шықты, деп хабарлады "ҚазАқпарат" агенттігі. 

«Комсомольская правда» газеті сұхбат беруші Владислав Иноземцевті саясаткер, экономика ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы деп таныстырған. 

Сарапшы елімізде болған дүмпуді қазір «Азия жолбарыстары» аталып жүрген елдердің басындағы өтпелі кезеңдермен салыстырады.

Қазақстан 2010 жылдардың ортасына дейін посткеңестік елдердің ішіндегі ең табысты мелекеттің бірі болды. Ресейден басты айырмашылығы – шетелден инвестиция тарту бағытында өзін ашық етіп көрсетті. Ресей 2016 жылға таман ғана совет кезіндегі мұнай өндірісінің көлеміне қол жеткізсе, Қазақстанда бұл кезде мұнай өндірісінің көлемі 1990 жылғы көрсеткішінен 3,6 есе, газ өндірісі бойынша 6 есе, уран өндірісі бойынша 14 есе алға кетіп қалған болатын. Оның үстіне қазақтар инновациямен әуестене бастады. Ресейде Д.Медведев халықаралық қаржы орталығын құру керек деп жүрген кезде Қазақстан сондай орталықта құрып та қойған еді. Ол орталық ағылшын құқығының негізінде жұмыс істейді, - деп еске алады ресейлік маман.

Сондай-ақ, ол Оңтүстік Корея, Инднонезия, Тайван, Малайзия сияқты елдердің басынан да осыған ұқсас кезеңдер өткенін айтады.

Бірақ орталықтандырылған билік жемқорлық пен әулет айналасына топтасу сияқты жағымсыз құбылыс туғызатыны бар. Оңтүстік Кореяда, Тайванда, Индонезияда, елеусіз дәрежеде болса да Малайзияда индустриалдану, жаңғыру жылдам жүрді. Ол қарқынды ұстап тұру үшін қаражатты да аямай құйып отыру керек еді. Мұндай жағдайда қарапайым халық ұтады деп айтуға келмейді. Ал Қазақстанның жағдайында әуелде жылдам басталған даму қарқыны кенет бәсеңдеді. Бұл адамдардың наразылығын туғызды. Қазақстанда қаңтардың басында болған оқиғалар осындай жайттардан туындады деп ойлаймын, - дейді экономист.

Айтуынша, Қазақстанның басындағы жағдай Индонезиядағы ауыр кезеңге көбірек ұқсайды.

1998 жылы Индонезияда да осылай болған. Экономикалық проблемалардың салдарынан елді 30 жыл басқарған Сухарто биліктен құлады. Ал Оңтүстік Кореяда 1979-80 жылдары халықтың толқуы авторитарлық жүйені ыдыратып, жаңа басшыны билікке әкелді. Ол басшы елін салыстырмалы түрде демократияландырды. Қазақстанда осыған ұқсас оқиғаның өрбуіне сәтсіз билік транзиті түрткі болды, -дейді Владислав Иноземцев.

 

Өзгелердің жаңалығы