Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны азайғанымен, сауда көлемі артты

7 Қыркүйек 2026, 20:44
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 7 Қыркүйек 2026, 20:44
7 Қыркүйек 2026, 20:44
106
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында жеке кәсіпкерлер 4,2 триллион теңгенің тауарын сатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ Finprom-ға сілтеме жасап.

2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлер мен базарлардағы сатушылар елдің барлық бөлшек саудасының 37,3%-ын қамтамасыз етті. Олардың айналымы 10,3 триллион теңгеге жетіп, он жыл ішінде 3,3 есе өсті.

Бұл ретте жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудадағы үлесі қысқарды. 2015 жылы кәсіпкерлер айналымның 47,7%-ын, ал 2016 жылы 51,8%-ын қамтамасыз еткен болатын. Бұл жекелеген жылдары жалпы бөлшек сауданың қарқыны жоғары болғанын білдіреді.

Жеке кәсіпкерлердің үлесі ең көп байқалған өңір - Шығыс Қазақстан облысы, онда айналымның 74,5%-ы оларға тиесілі болды. Абай облысында бұл көрсеткіш 68,9%-ға, ал Қызылорда облысында 63,9%-ға жетті. Сарапшылар ең төменгі үлесті Ақтөбе облысында тіркеді – 21,9%.

Сату көлемі бойынша бірінші орынды шамамен 2,5 триллион теңгелік айналыммен Алматы кәсіпкерлері иеленді. Одан кейін 1,2 триллион теңгемен Шығыс Қазақстан облысы және 1,1 триллион теңгемен Астана қаласы орналасты.

2026 жылдың шілде айында сауда және автомобильдерді жөндеу саласында 614,7 мың жеке кәсіпкер жұмыс істеді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 5,7%-ға аз.

Ұлттық статистика бюросы бұл өзгерісті кәсіпкерлердің бір бөлігінің өзін-өзі жұмыспен қамтындарға арналған жаңа салық режиміне ауысуымен байланыстырады. Сондықтан бұл статистика олардың барлығы бизнесін толығымен жауып тастады дегенді білдірмейді.

Наверх