Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

19 Қазан 2022, 09:35
3508
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мереке 24 қазан күні атап өтіледі. Тиісті Үкімет қаулысына еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Атап өтерлігі, бұл мереке еліміздегі 20 мыңға жуық кітапханашыларға ортақ кәсіби мейрам. Өз кезегінде, бүгінде Қазақстанда 10 932 кітапхана бар, соның ішінде 3 894 мәдениет саласына (ғылыми-әмбебап, балалар, балалар мен жасөспірімдер, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар), 7 032 - білім беру саласына, 6 - денсаулық сақтау саласына тиесілі кітапханалар.

Кітапханашылар күні сондай-ақ Армения, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Молдова және бірқатар елде атап өтіледі.

Өзгелердің жаңалығы