Қазақстан нарығына БАӘ-нің ірі банкі келді

13 Қараша 2026, 12:09
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина 13 Қараша 2026, 12:09
13 Қараша 2026, 12:09
99
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі банктердің бірі – Abu Dhabi Commercial Bank-ке толыққанды банктік лицензия берді. Бұл туралы агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, бұған дейін банк Қазақстанның қаржы нарығында тек исламдық банктік операцияларды жүзеге асырған. Енді жаңа лицензияның арқасында елімізде банктік қызметтің барлық түрін көрсетуге мүмкіндік алды.

Бүгін біз Abu Dhabi Commercial Bank-ке жаңа банктік лицензия бердік. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі банктердің бірі. Бұған дейін ол Қазақстанда тек исламдық банктік операцияларды жүргізген. Енді толыққанды әмбебап банктік лицензия алды. Осылайша, Қазақстан аумағында барлық банк операцияларын жүзеге асыра алады. Банк негізінен корпоративтік кредиттеу бағытына басымдық береді, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік төрағасының сөзінше, шетелдік банкке лицензия беру Мемлекет басшысының Қазақстанның қаржы нарығына жаңа шетелдік банктерді тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан.

Алдағы уақытта Қазақстан нарығына тағы қандай шетелдік банктер келуі мүмкін деген сұраққа Мәдина Әбілқасымова әзірге нақты ақпарат жоқ екенін айтты.

Сонымен қатар ол биыл қабылданған жаңа «Банктер және банк қызметі туралы» заң шетелдік банктердің Қазақстан нарығына шығуына бірқатар мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа заң аясында банк ашуға қойылатын талаптар жеңілдетілген. Әсіресе исламдық банктік операцияларды жүзеге асыратын қаржы ұйымдары үшін әмбебап лицензия алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұрын мұндай операцияларды жүргізу үшін екі бөлек банктік лицензия алу қажет болатын. Енді екі түрлі операцияны бір банктік лицензия аясында жүзеге асыруға болады, - деді агенттік төрағасы.

Тағы оқи отырыңыз: Теңгенің болашағы қандай? Ұлттық банк өкілі маңызды бағыттарды түсіндірді 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх