Қазақстанда SpaceX ұсынатын мобильді байланыс қашан іске қосылады?

Ел аумағында бұл технологияның пилоттық сынақтары жүргізілуде.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 17:41
Бүгiн 2026, 17:41
208
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Direct-to-Cell спутниктік мобильді байланыс технологиясын іске қосу жоспарлары туралы айтты.

Депутаттық сауалға берген жауабында министр Жаслан Мәдиев «Кар-Тел» ЖШС операторы SpaceX компаниясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында Direct-to-Cell технологиясын енгізу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Аталған жұмыстар 2025 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Кар-Тел» ЖШС
операторы және SpaceX компаниясы арасында АҚШ-тың C5+1 саммиті аясында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жүргізілуде, – деп атап өтті Мәдиев.

Ол 2025 жылдың соңында ел аумағында бұл технологияның пилоттық сынақтары өткізілгенін еске салды.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда бұл технологияны коммерциялық пайдалануға беру үшін ұлттық қауіпсіздік органдарымен тиісті мәселелерді келісу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның барлық автожолында мобильді байланыс пайда болатыны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстанда ұялы байланыс операторын ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін

"Imam AI" жасанды интеллект негізінде істейтін мобильді қосымшасы іске қосылады

Елімізде кімнің мобильді аударымы тексеріледі?

 

Наверх