Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда соңғы 18 жылда болмаған мақта өнімі жиналды

Бүгiн, 15:45
228
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

2025 жылы Қазақстанда соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркеліп, шамамен 430 мың тонна мақта жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров министрліктің жылдық қорытындысы бойынша өткен баспасөз кездеуінде мәлімдеді.

Айтуынша, бұл нәтижеге қол жеткізуге су үнемдейтін технологияларды енгізу айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ дәстүрлі суару тәсілдерінен тамшылатып суаруға көшу өнімділіктің артуына әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.

2025 жылы алғаш рет тамшылатып суару қолданылған мақта алқаптарының көлемі 50 мың гектарға жетті. Су үнемдейтін технологияларды пайдаланған шаруашылықтарда өнімділік гектарына 60 центнерге дейін көтерілді. Ел бойынша мақтаның орташа өнімділігі гектарына 30 центнерге дейін өсті. Министрліктің бағалауынша, бұл заманауи агротехнологияларды енгізу мен мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін айқын дәлелдейді, – деді министр.

Еске салайық бұған дейін министр Қазақстан шетелге рекордтық көлемде астық экспорттағаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы