Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

16 Маусым 2025, 15:03
654
Бөлісу:
 Арман Мухатов
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Жиынның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытай мен Қазақстанды кез келген салада байланысы бекем, достығы берік елдер деп атады.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Айтуынша, бүгінде екі ел арасындағы қатынастар "Бір белдеу. Бір жол" бастамасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл тұрғыда туризмнің маңызды факторға айналғаны сөзсіз.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

2025 жылды Қытай туризмі жылы деп жариялау жөнінде шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин қабылдады. Бұл бастама екі ел арасындағы 2024 жылғы Туризм жылын жалғастырып, ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайды. Қытай – Қазақстан үшін туризм саласындағы негізгі стратегиялық серіктес. Біз көне Жібек Жолының қазіргі жалғасы ретінде туризм мен мәдени байланыстарды кеңейтіп келеміз. Цифрлық экожүйе барысында жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылы Қытайда 37 имидждік іс-шара өткізілді, – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Айта кетерлігі, Қытайдан келген туристер саны 655 мың адамға жеткен. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78 пайызға артық. Осы тұрғыда туризмнің қанат жаюына визасыз режим мен әуе рейстерінің артуы осы нәтижеге ықпал етті. 

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

2025 жылдың бес айында Қытайдан келген туристер саны 280 мыңнан асты. Бұл да өсімді көрсетіп жатыр. Жаңа рейстер мен Сиань-Алматы туристік пойызы да өз үлесін қосуда. Бүгінгі рәсім – екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңі. Алда түрлі жобалар жүзеге асады деп сенемін. Қытай инвесторларын Алматы, Бурабай, Катонқарағай, Каспий жағалауындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырамыз. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп ағынан жарылды ҚР Туризм және спорт министрі.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Ведомство басшысы еліміздегі Қытай Халық Республикасының туризм жылы аясында екі ел арасындағы туристік бастамаларды қолдаймыз деп отыр.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Қазақстанның үш қаласы Жібек жолы бойындағы туристік қалалар альянсына мүше. Туризм саласының тұрақты дамуына кадрлық негізді қалыптастыруымыз керек. Кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты күшейту де маңызды. Кәсіпорындардың өз елінің мәдени және туристік ресустарын пайдалануына қолдау білдіруіміз керек. Қытай – ежелгі тарихы бай, мәдениеті және көркем табиғатымен танымал ел. Қазақстан халқын Қытайға келіп саяхаттауға шақырамыз, - деді Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Сондай-ақ Ұлттық музейде "Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға" атты көрме өз жұмысын бастады. 

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы аясында өткізіліп отырған көрменің маңызы зор. Ол Қытайдан шыққан жібек өнерін таныстырады.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Сонымен қатар іс-шара аясында ҚР Ұлттық музейі мен Қытайдың Ұлттық жібек музейі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында музей ісі саласындағы бірлескен бастамалар қолға алынып, Жібек жолы мұрасы бойынша мәдени ынтымақтастық орнайды.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Тағы бір айта кететін жайт, бағдарлама аясында қонақтар ерекше экскурсияның куәсі болды. Дәстүрлі қытай шай салтанаты көрсетіліп, экскурсияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Көрмеде барлығы 131 экспонат ұсынылады. Экспозицияда ежелгі жібек маталарының түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ заманауи сәндік өнер туындылары көрініс тапқан. 

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Мәдени іс-шара Қытай мен Қазақстанның тарихи мұраны сақтау мен ілгерілету саласындағы мәдени байланыстары мен ортақ жетістіктерін айқындайды. 

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды

Көрме 8 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Қазақстанда Қытай туризмі жылы басталды
Өзгелердің жаңалығы