Қазақстанда өзге нарықтарға қарағанда көлік арзан – Макашева

28 Сәуір 2022, 15:27
1257
Бөлісу:
Қазақстанда өзге нарықтарға қарағанда көлік арзан – Макашева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Макашева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазақстандағы көліктер өзге нарықтармен салыстырғанда арзан. Әрине, әлемде кейбір көліктер Қазақстандағы көліктен арзан тұрады. Алайда бір маркалы көліктердің бағасын салыстырған жөн. Көліктің бағасы салық құнына, техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты болады. Егер де қазақстандық қымбат көліктер туралы айтсақ, 5 жыл бұрын бізде өндірілген көліктердің маркалары өзгерді, - деді ол. 

Сондай-ақ Макашева Қазақстан нарығындағы көлік Ресейдікінен арзан екенін атап өтті. 

Қазір Ресейге қарағанда Қазақстандағы көліктер арзан. Оны ашық дереккөздерден де қарап, салыстыруға болады, - деді Макашева. 

Өзгелердің жаңалығы