Қазақстанда МӘМС қаражатын бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, жаңа жүйе МӘМС қаражатының ашық әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етіп, денсаулық сақтау саласындағы қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

 pexels.com 6 Тамыз 2026, 02:40
6 Тамыз 2026, 02:40
119
Фото: pexels.com

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражатын бақылаудың жаңа моделі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Жаңа жүйе цифрлық бақылауға, тәуекелдерді талдауға және негізсіз төлемдердің алдын алуға негізделген.

Жаңа модель аясында Qalqan IT-платформасы мен автоматтандырылған антифрод жүйесі іске қосылып, медициналық ұйымдардың күмәнді қызметтері мен негізсіз төлемдері нақты уақыт режимінде анықталмақ. Осылайша, заңбұзушылықтарды қаражат аударылғаннан кейін емес, төлем жасалғанға дейін анықтау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, азаматтар өз атына рәсімделген медициналық қызметтерді тексеріп, көрсетілмеген қызметтер туралы хабарлай алады. Мұндай өтініштер бақылау жұмыстарында қосымша тәуекел индикаторы ретінде пайдаланылады.

Наверх