Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов министрлік коммуналдық қызмет тарифтерін 180 күнге көтеруге мораторий енгізгенін айтты.
100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл тұрғындарға 3,2 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мораторий аяқталды. Екінші жартыжылдықта тарифтер осы жылдың инфляциялық дәлізі аясында өзгереді, – деді Тимур Жақсылықов.
Тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін теңгеру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында министрлік мынадай шараларды қабылдайды:
қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
тұрғын үй көмегінің тетіктерін жетілдіру;
өңірдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, әрбір аймаққа жеке көзқарас.