Қазақстанда кәсіби біліктілікті сертификаттау енгізіледі

14 Шілде 2023, 15:48
2574
Бөлісу:
Қазақстанда кәсіби біліктілікті сертификаттау енгізіледі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек нарығындағы мықты бәсекелестік жағдайында кез келген азамат жаңа дағдыларды үйреніп, басқа мамандықтарды да игеріп отыруы қажет. Осы тұрғыдан тәуелсіз сертификаттау жүйесі әрбір маманға өз құзыреттерін нақты бағалауға, сол сияқты өз білімдерін, шеберлігі мен дағдыларын құжат түрінде растауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіз сертификаттау жүйесі жаңа жұмысқа орналасу және іздеу кезінде бірінші кезекте түлектерді орналастыру үшін «катализатор» болады, сондай-ақ әрбір маманға өз құзыреттерін нақты бағалауға, дағдыларын құжат түрінде растауға мүмкіндік береді. Бұл ретте формальды және баламалы білім беру процесінде алынған құзыреттер бағаланатын болады. Ал тиісті біліктілікті растау нәтижесінде алынған сертификат дипломмен қатар жұмысқа қабылдау кезінде, атап айтқанда жұмысшы кәсіптері бойынша негізгі құжатқа айналады, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев.

Оның айтуынша, «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жұмысқа орналасуды жеңілдетеді.

Өзгелердің жаңалығы