«Кәсіптік біліктілік туралы» заң жұмысқа орналасуды жеңілдетеді

14 Шілде 2023, 15:38
772
Бөлісу:
«Кәсіптік біліктілік туралы» заң жұмысқа орналасуды жеңілдетеді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның негізгі мақсаты - азаматтардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бағалаудың тәуелсіз және объективті жүйесін құру.

Бүгінде оқу орындарының түлектері мен бос лауазымдарға үміткерлер олардың құзыреттілігін ресми тануға, жұмысқа орналасуды жеңілдететін кәсіби өсу мен ұтқырлыққа мүдделі болып отыр. «Кәсіптік біліктілік туралы» заң осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, – деді Олжас Ордабаев.

Өзгелердің жаңалығы