Қазақстанда екінші АЭС қайда салынатыны айтылды

Екінші атом электр станциясы Балқаш маңында орналасуы мүмкін.

Бүгiн 2026, 10:53
АВТОР
 gov.kz Бүгiн 2026, 10:53
Бүгiн 2026, 10:53
154
Фото: gov.kz

Ақорда кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу жоспарына қатысты пікір білдірді. Екінші атом электр станциясы Балқаш маңында орналасуы мүмкін. Қазір үш ықтимал алаң қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екінші станция бойынша шешім бар. Ол да Балқаш маңында салынады. Қазіргі таңда үш перспективті алаң зерттеліп жатыр. Қорытындысы бойынша нақты орнын хабарлаймыз, – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, станцияның алдын ала атауы да анықталған.

Екінші атом электр станциясының жұмыс атауы бар – “Мойынқұм”. Орналасуына байланысты екі блоктан тұратын, әрқайсысы 2200 мегаватт болатын станция салу жоспарланып отыр, – деді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ жобаға халықаралық серіктестерді тарту мәселесі де қаралып жатыр.

Қазір әлеуетті вендорды анықтау үшін серіктестермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін қытайлық компания басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылғанын айтқанбыз, – деді ол.

Атауға қатысты бөлек конкурс өткізілмейтіні белгілі болды.

Атауға конкурс жарияланбайды. Бұл – жұмыс барысында берілген атау, – деп нақтылады Сәтқалиев.

Еске сала кетейік, 2060 жылға дейін Қазақстанда кемінде үш атом электр станциясын салынады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх