Қазақстанда берілген 10 «сұр» сертификат анықталды

12 Қаңтар 2024, 20:31
754
Бөлісу:
Қазақстанда берілген 10 «сұр» сертификат анықталды

Былтыр Ұлттық аккредиттеу орталығы 500-ге жуық «сұр» сертификаттар мен сәйкестік декларациясын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттардың 480 бұзылуын анықтады.

Олардың ең көп саны ЕАЭО елдерінде берілген декларациялар – 398; Одан кейін ЕАЭО елдерінің сертификаттары – 72; Қазақстанда берілген 10 «сұр» сертификат анықталды.

Сонымен қатар, жыл соңында әртүрлі заң бұзушылықтарға жол берген 50 аккредиттеу аттестатының күші жойылды немесе жартылай қайтарылды.

Берілген сертификаттар мен сәйкестік туралы декларациялардың мониторингін Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттелген субъектілердің аккредиттеудің бекітілген көлемі шеңберінде жұмыстарды орындауы және ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауы үшін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы