Қазақстанда автобус өндірісі 2,5 есе өсті

21 Қыркүйек 2023, 13:23
757
Бөлісу:
Қазақстанда автобус өндірісі 2,5 есе өсті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында он және одан да көп адамды тасымалдауға арналған 1711 көлік шығарылса, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 1033 көлікке кем шығарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, былтырғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,5 есе өскен.

Сонымен қатар биылғы жылдың алғашқы 8 айында жеңіл автокөліктер өндірісі 41,5% өсті.

Аталған уақыт аралығында қазақстандық кәсіпорындар 88,5 мыңнан астам автокөлік шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 62,5 мың автокөлік шығарылды.

Бұл ретте еліміздегі жүк көліктерінің өндірісі 24,6% өсті.

Егер ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,1 мыңға жуық жүк көлігі шығарылса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4,8 мыңы өндірілген.

Өзгелердің жаңалығы