Қазақстанда 100-ден астам жаңа спорт нысаны салынбақ

13 Желтоқсан 2023, 12:25
677
Бөлісу:
Қазақстанда 100-ден астам жаңа спорт нысаны салынбақ
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта Алматы облысында салынып жатқан олимпиадалық даярлық базасының құрылысы аяқталуға жақын. База бір мезгілде 2300 спортшыға 23 олимпиадалық спорт түрімен айналыса алады. Одан бөлек Астанада Ұлттық спорт университеті салынады.

Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Университеттің іске қосылуы кадрларды даярлаудың бастапқы кезеңнен бастап жоғары жетістіктер спортына дейінгі үздіксіз процесін қамтамасыз етпек. Республика бойынша екі жыл ішінде 113 жаңа спорт нысаны салынады, 26 жұмыс істеп тұрған нысан қайта жаңартылады, оның ішінде МЖӘ тетігін қолданылады. Спорттық инфрақұрылымда, атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде аса мұқтаж өңірлердің тізбесі айқындалады. Келесі жылдан бастап «модульдік үлгідегі 100 тез салынатын аз шығынды спорт нысаны» жобасын іске қосу көзделген, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы