Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнде және таңертең Ақмола, Абай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады.
Осыған байланысты жүргізушілерге жолда сақ болу, жылдамдықты төмендету және көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау ескертілді. Сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпау ұсынылады.
Мамандар көлік шиналарының маусымға сай болуына ерекше назар аударуға шақырады. Жазғы дөңгелектермен көктайғақ жолда жүру жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады.
Жолдардың жағдайы мен ауа райына қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.