Қазақстан Жапонияға ет экспортын арттырды

4 Тамыз 2022, 11:41
2161
Бөлісу:
Қазақстан Жапонияға ет экспортын арттырды

Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны қосылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асты.

Олар: "Kaindy" ЖШС (Алматы облысы), "ASEM-ZHETYSU" ЖШС (Алматы облысы), "Meat processing Complex Bizhan" ЖШС (Ақмола облысы), "Asyl-Asyl" (Атырау қаласы), ЖК "Kuanysh" (Атырау қаласы), ШҚ "Birlestic" (Қарағанды облысы), "EURASIA INVEST LTD" ЖШС (Қарағанды облысы), "ARAY KZ" ЖШС (Қарағанды облысы), "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС (Қостанай облысы).

Бұған дейін аталған тізілімге 34 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Осылайша, бүгінгі таңда жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады.

Өзгелердің жаңалығы