Қазақстан ҰҚШҰ аясында Украинаға бітімгершілік күштерін жібере алмайды – ҚР СІМ

22 Ақпан 2022, 15:20
1445
Бөлісу:
Қазақстан ҰҚШҰ аясында Украинаға бітімгершілік күштерін жібере алмайды – ҚР СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Украинаға бітімгершілік күштерін жібере алмайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоқ, бұл мүмкін емес, өйткені, өздеріңіз білетіндей, ҰҚШҰ жарғысында әскери немесе бітімгершілік күштерді пайдалану қатаң түрде шектелген. Оларды тек ҰҚШҰ кеңістігінде пайдалануға болады, – деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Ол жақында ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Застың Донецк халық республикасы мен мен Луганск халық республикасына бітімгершілік контингентін жіберу мүмкіндігі туралы мәселеге түсініктеме бергенін еске сала өтті.

Бұл, ол айтып өткендей, гипотетикалық мәселе. Яғни, бұл іс жүзінде мүмкін емес. Ықтимал бағыт үшін, әрине, қарар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті мандаты қажет. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның өз бітімгершілік күштері бар, сондықтан практикалық тұрғыдан мәселе көтерілген жоқ, – деді Мұхтар Тілеуберді

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі түпкілікті позиция Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінде қабылданатынын хабарлаған еді.

 

Өзгелердің жаңалығы