Қазақстан тұңғыш дербес бітімгершілік контингентін Голан биіктігіне жібереді

19 Қаңтар 2024, 10:43
452
Бөлісу:
Қазақстан тұңғыш дербес бітімгершілік контингентін Голан биіктігіне жібереді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҰҰ шақыруына сәйкес өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен резерв ротасы ретінде 139 әскери қызметші санындағы алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясына орналастыру 2024 жылғы наурыздан бастап жоспарланып отыр. Ол үшін тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін айқындайтын БҰҰ-мен халықаралық шарт жасалады, - деді министр.

Оның сөзінше, контингент пен мүлікті тасымалдау Қазақстанның есебінен жүргізіледі.

Голан биіктігі - Таяу Шығыстағы даулы аумақ. Оның басым бөлігін Израиль басып алса, шығыс бөлігін Сирия бақылайды.

Өзгелердің жаңалығы