Қазақстан спортшылары дүниежүзілік VIRTUS ойындарының ашылуына қатысты

6 Маусым 2023, 19:20
876
Бөлісу:
Қазақстан спортшылары дүниежүзілік VIRTUS ойындарының ашылуына қатысты
Фото: Астана қаласы спорт басқармасы

Францияның Виши қаласында интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамарға арналған VI дүниежүзілік VIRTUS ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Астана қаласының спортшылары мен бапкерлері қатысты. Дүниежүзілік ойындарда 60 елден келген 1000-нан астам спортшы 7 күн бойы спорттың 13 түрінен сынға түсетін болады.

Бұған дейін хабарлағандай дүбірлі додада Қазақстан спорттың жүзу және трек веложарысы түрімен алғаш рет қатысуда. Бұл сында еліміздің атынан Астаналық АСБ (аутизм спектрінің бұзылуы) синдромы бар екі спортшы қатысуда. Олар II3 санатындағы Дастан Ордабай мен Амир Алпамыс.

Бұл жарысқа қатысу мен үшін үлкен жетістік. Бізге сеніп, осы дүниежүзілік ойындарға қатысуға дайындаған бапкерлер құрамына алғысымды айтамын. Алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіреткім келед, - дейді дүниежүзілік ойындарының қатысушысы Амир Алпамыс.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жеңіл атлетика, жүзу және үстел теннисі спорттары бойынша үздік спортшылар (II1 санат) 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына тікелей жолдама алады. Спорттық жарыстар 10 маусымға дейін жалғасады. 

«Virtus Global Games 2023» интеллектуалды даму ерекшеліктері бар тұлғалар үшін өткізіледі. Бұл дүниежүзілік ойындар төрт жылда бір рет өткізіледі. Қазіргі уақытта Virtus ұйымына 90 мемлекет кіреді.

Өзгелердің жаңалығы