Қазақстан - Солтүстік Ирландия: Футбол жанкүйерлеріне шаттл-автобустар қызмет көрсетеді

9 Қыркүйек 2023, 18:49
1207
Бөлісу:
Қазақстан - Солтүстік Ирландия: Футбол жанкүйерлеріне шаттл-автобустар қызмет көрсетеді
Фото: Арман Мухатов

10 қыркүйекте "Астана Арена" стадионына жүретін қоғамдық көліктер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы шаттл-автобустар жолға шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жексенбіде, 10 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында футболдан EURO-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамасы арасында матч өтеді. Басталу уақыты – сағат 19:00 екенін еске саламыз.

Осы орайда City Transportation Systems баспасөз қызметі 10 қыркүйекте Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 17:30-да "Астана Арена" стадионына арнайы шаттл-автобустар жүретінін хабарлайды

Атап айтқанда:

  • "Астаналық цирк" автотұрағы;
  • "Қазақстан" СК автотұрағы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешітінің тұрағы;
  • "Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
  • "Жастар" сарайы тұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді. Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз. Жол жүру құны 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы