«Қазақстан» шахтасындағы өрттің алдын ала себебі анықталды ма?

18 Тамыз 2023, 11:53
1411
Бөлісу:
«Қазақстан» шахтасындағы өрттің алдын ала себебі анықталды ма?
Фото: скрин

Бұл туралы Қарағанды ​​облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол апат басталған кезде шахтада барлығы 227 адам болғанын, өртке байланысты апатты жою жоспарының бірден енгізілгенін айтты.

Шахтада өрт басталған кезде 227 адам болған. Бірден апатты жою жоспары енгізіліп, жедел штаб құрылды. 18 тамыздағы жағдайға сәйкес, емдеу мекемелерінде 11 жұмысшы бар. Олардың 9-ы Қарағанды қаласында, екеуі Шахтинск қаласында ем алып жатыр. Құтқару операциясын жүргізу нәтижесінде қаза тапқан 2 шахтердің мүрдесі табылды. Үш шахтерді іздеу жалғасып жатыр, - деді ол.

Брифинг барысында БАҚ өкілі «өрттің алдын ала себебі анықталды ма?» деп сұрады.

Жоқ, қазіргі таңда мұндай жұмыспен айналысуға мүмкіндік жоқ. Әзірге біз адамдарды тауып, құтқаруымыз керек. Екіншіден, өртті сөндіруіміз қажет. Қазір нақты бірдеңе айту қиын, - деп жауап берді спикер Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кеше кешкісін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта қалған 3 адамды іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын

Өзгелердің жаңалығы