Бұл туралы “Орталық Азия – Қытай” екінші саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы ықпалдастықты өңірдің орнықты дамуына әсер ететін ең басты факторлардың бірі ретінде атады.
Тоқаев атағандай, әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланған. Яғни бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор.
Біз озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниеттіміз. Сондай-ақ аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қуат көздерін әртараптандыруға мәнберген жөн. Қытай Халық Республикасының ядролық энергетиканы дамытудағы байжәне табысты тәжірибесін ескере отырып, осы стратегиялық салада орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жуық арада келісімге қолқоюға дайындаламыз, – деді Президент.