Қазақстан Қытайға 130 позиция бойынша экспорттық тауар жеткізуге қауқарлы – Тоқаев

25 Қаңтар 2022, 15:39
1365
Бөлісу:
Қазақстан Қытайға 130 позиция бойынша экспорттық тауар жеткізуге қауқарлы – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.  

Қытайлық серіктестердің мәліметінше, соңғы 30 жылда Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналым 100 есеге артты. Бұл әлі де соңғы меже емес. Экономикалық тауар айналымын одан әрі арттыру үшін жұмысты жалғастыра беру қажет. Бұл кедергілерді жойып, кеден мәселесінде тәртіп орнатып, цифрландыруды қажет етеді. Қазақстан Қытайға 130 позиция бойынша экспорттық тауар жеткізуге қауқарлы. Оның ішінде  1 млрд доллардың ауылшаруашылық және азық-түлік тауарлары бар, - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы атағандай, бірлескен сауда-экономикалық тауар айналымын арттыру бойынша Орталық Азия мен Қытай арасындағы министрліктердің жұмысын күшейту керек. 

 

Өзгелердің жаңалығы