Қазақстан қалаларында француз тіліндегі фильмдер көрсетіледі

1 Наурыз 2024, 12:11
414
Бөлісу:
Қазақстан қалаларында француз тіліндегі фильмдер көрсетіледі
Фото: ОКҚ

Елімізде наурыз және сәуір айларында Франкофония көктемі фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Француз Альянстары, франкофон ассоциациялары және еліміздің бірнеше мәдени мекемесімен бірлесіп түрлі мәдени іс-шараларды өткізеді. 1970 жылы құрылған Халықаралық Франкофония ұйымына француз тілінің негізінде біріккен 54 мемлекет және 27 бақылаушы статусына ие ел кіреді. 

Биыл фестиваль кино апталығымен басталады. Наурыздың 2-нен 10-на дейін Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жалғасады. Кино сеанстар бағдарламасына 10 фильм енеді. 

"Құлау анатомиясы" және "Ольфа қыздары" фильмдері, отбасылық "Фараон, жабайы адам және хан қызы", "Дуния және Алеппо ханшайымы" анимациялық фильмдер көрермен назарына үсынылады. 

14 наурыз күні Астана қаласында Француз Альянсында Бельгия елшісі Анри Вантигем Бельгияны тереңірек тануға мүмкіндік беретін конференция өткізеді.

Ал сәуір айында Өскемен қаласында Юбилейный кинотеатрында түрлі жанрдағы фильмдер көрсетіледі. 

Бельгия елшілігі Шымкент қаласында 2 сәуір күні айдың үздік қызметкері фильмінің сеансын ұйымдастырады. 

Қарағанды қаласының тұрғындары үшін 17 сәуірде акустикалық концерт қойылады.

Өзгелердің жаңалығы