Қазақстан паспорты жаңа дизайнмен шығады

Жаңа үлгідегі паспортты мерзімінен бұрын ауыстыру қажет пе?

Бүгiн 2026, 12:35
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Мади Искаков Бүгiн 2026, 12:35
Бүгiн 2026, 12:35
217
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мади Искаков

Жаңа үлгідегі паспортты мерзімінен бұрын ауыстырудың қажеті жоқ. Оны қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін пайдалана беруге болады. Жаңа паспорттар тек ескісінің мерзімі өткенде, ол бүлінгенде немесе азаматтың өз қалауы бойынша ғана беріледі.

Бұл ретте ведомство жұмыстың қашан аяқталатынын әлі нақтылаған жоқ, сондай-ақ құжаттың эскиздері де жарияланбады.

Аталған жұмыстардың аяқталуы және соңғы дизайнның бекітілуі туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға белгіленген тәртіппен жеткізіледі. Әзірлеудің қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматы паспортының жаңа дизайнының эскиздерін немесе макеттерін ұсыну мүмкін емес, себебі құжаттың түпкілікті дизайны әлі бекітілген жоқ, - деп хабарлады ІІМ.

Ведомство азаматтарды жалған қауесеттерге сенбеуге және тек тексерілген дереккөздерден ресми ақпарат күтуге шақырды.

Еске сала кетейік, 2026 жылы паспортты рәсімдеу құны өзгермейді. Биылғы жылы мемлекеттік баж салығының мөлшері келесідей болды:

  • Ересектер үшін: 36 бетке - 34 600 теңге (8 АЕК), 48 бетке - 51 900 теңге (12 АЕК);

  • 16 жасқа дейінгі балалар үшін: 17 300 теңге (4 АЕК).

Еске салайық, бұған дейін шетелде құжат жоғалтсаңыз, ұсталсаңыз немесе жол апатына түссеңіз не істеу керектігі жөнінде маман кеңес берді

Тағы оқи отырыңыз: 

СҚО тумасы 26 жылдан кейін «дүниеге келді»

Қазақстанда еңбек кітапшасы жойыла ма? Министрлік түсіндірді

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте жоғарылады: Қазақстандықтар 80-ге жуық елге визасыз саяхаттайды

Наверх