СҚО тумасы 26 жылдан кейін «дүниеге келді»

Прокуратураның көмегімен азамат 26 жылдан кейін алғаш рет құжаттарын алу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгiн 2026, 18:54
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 18:54
Бүгiн 2026, 18:54
287
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Өз құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 2000 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Іле ауданының прокуратурасына жүгінген.

Азамат өмірлік жағдайларға байланысты туған кезінен бастап заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген және 26 жыл бойы туу туралы куәлігі мен жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған.

Құжаттардың болмауы оның мемлекеттік қызметтерді алуына, медициналық көмекке жүгінуіне, ресми түрде жұмысқа орналасуына және мемлекет кепілдік берген өзге де әлеуметтік құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруына мүмкіндік бермеген.

Түрлі мемлекеттік органдарға бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған.

Прокуратура жүргізген тексеру барысында қажетті құжаттар сұратылып, куәгерлердің түсініктемелері алынып, азаматтың туу фактісін растайтын өзге де дәлелдемелер жиналды.

Азаматтың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Іле аудандық прокуратурасы сотқа оның туу фактісін, жеке деректерін анықтау және кейіннен мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы талап қоюмен жүгінді.

Сот прокурордың талап қою талаптарын толық көлемде қанағаттандырды. Қабылданған сот шешімі азаматқа жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуге, заңды құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға және қоғамдық өмірге толыққанды қатысуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында құжат ауыстырмақ болған тұрғын өзінің "психикалық науқас" екенін білген.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Өмір бойы құжатсыз өмір сүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды

Онлайн жеке куәлік рәсімдеуде ақау бар: Министрлік мәселені мойындады

Қостанай тұрғыны деректер базасындағы қателік салдарынан тоғыз күн бойы «қайтыс болды» деп тіркелген

Наверх