Қазақстан парашют экспорттайды

23 Мамыр 2023, 02:35
1144
Бөлісу:
Қазақстан парашют экспорттайды
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан парашют экспорттауды бастады. Сондай-ақ отандық тамақ өнімдері мен ресторандар желісі Ресей нарығына шықты. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Қазақстан тауарын 106 ел сатып алады. 650 белсенді экспорттаушының 80 пайызы – шағын және орта бизнес өкілдері. Оның 48 пайызы – тамақ өнімін өндірушілерге тиесілі. Биылғы жылдың І-ші тоқсанында Өзбекстанға – азық-түлік, Ресейге – тұрмыстық химия, Қытайға мыс өнімдерін жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Үкімет алдында 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд АҚШ долларына жеткізу міндеті тұр. Былтыр бұл сома 26,5 млрд долларды еңсерді.

Осы кезеңде шикізаттық емес тауарлардың экспорты 5,9 млрд АҚШ долларын құрады. Өсімі – 7,6%. Экспорттың өсуі, сондай-ақ тауарлардың позицияларының санын кеңейту есебінен де қамтамасыз етілді. Осы жылдың бірінші тоқсанында экспортқа жеткізілетін тауарлардың номенклатурасы 767 тауар позициясына ұлғайды, - деп мәлімдеді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Өзгелердің жаңалығы