Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты рейс аптасына 2 рет қатынайды – министр

7 Маусым 2022, 12:06
1232
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты рейс аптасына 2 рет қатынайды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Имен кездесуінде айтты. 

Коронавирус індеті дүниежүзілік деңгейде өзінің кері әсерін тигізгені рас. Қазіргі таңда бұл індетті өзара серіктестік пен қолдаудың арқасында жеңіп келеміз. Сол жеңістің айқын дәлелі ретінде биыл 1 маусымнан бастап Қазақстан-Қытай арасындағы трақты әуеқатыснасы қалпына келтірілді. Рейстерді Air Astana мен China Southern Airlines компаниясы орындайды. Талаптардың шешімімен рейс жиілігі әзірге  аптасына екі мәрте іске асырылады деп ұйғарылды, - деді ол. 

Тілеуберді атап өткендей, екі ел БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ және өзге өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтасып келеді. 

Қытай тарапына Азия кеңесін құр бастамасын қолдағаны үшін және басқа да іс-шараларға белсенді қатысуына орай алғыс білдіреміз. Биылғы қазанда Азия кеңесінің құрылуына 30 жыл толуына байланысты диалог алаңының 6 саммиті өткізіледі. Аталған іс-шараға Қытай тарапы жоғары деңгейде қатысады деп үміттенеміз, - деді ол. 

Сыртқы істер министрі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына орай елдер арасында көпсалалы ынтымақтастықтың  дами түсетінініне үміт артты. 

Өзгелердің жаңалығы