Қазақстан мен Қытай 2,5 млрд доллар болатын 8 келісімге қол қойды

4 Қараша 2024, 12:24
425
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай 2,5 млрд доллар болатын 8 келісімге қол қойды
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кездесу нәтижесінде жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды. 

  • «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ және «Goldcard Smart Group Co., Ltd» арасындағы $8 млн сомасына зияткерлік жүйелерді енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Жоба Алматы қаласындағы «Алатау» ИТП АЭА аумағында компоненттердің локализациясын ескере отырып, GoldCard компаниясы жеткізетін құрамдас бөлшектерден газ есептегіштерін шағын торапты құрастыруды көздейді;
  • «Qarmet» АҚ мен Zhengzhou Coal Mining Machinery Grouop арасындағы көмір өнеркәсібіне арналған жабдықтар өндіру саласындағы «Qarmet» АҚ көмір департаментінің шахталары үшін $70 млн сомасына механикаландырылған кешендер сатып алу туралы келісім;
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қытайдың Silk Road Fund Co.Ltd. және Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd. мемлекеттік инвестициялық қоры арасында құны $552 млн  инвестициялық ынтымақтастық негіздерін белгілеу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Qarmet» АҚ мен Xinxing Ductile Iron Pipes Co.,LTD арасындағы $161 млн сомасына Қазақстан Республикасында қуаты жылына 200 мың тонна сфералық графиті бар беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырлар шығаратын зауыт салу туралы келісім. Өнім Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық жүйесінің нысандарын салу, жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту және жаңарту жөніндегі жобаларға арналған;
  • «Qarmet» АҚ мен China Metallurgical Group Corporation арасындағы $1 млрд сомасына тау-кен және металлургия салаларында ұзақ мерзімді және кешенді ынтымақтастық орнату туралы келісім;
  • «Qarmet» АҚ мен ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation арасындағы $649 млн сомасына кокс-химия өндірісін жаңғырту және көмір химиясын дамыту жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыру туралы келісім;
  • «Qarmet» АҚ мен Nanjing Fiberglass Research & Design арасындағы $30 млн сомасына Теміртау қаласында қуаты жылына 100 мың тонна дайын өнім болатын домна қождарынан минералды жылытқыштар өндіретін фабрика салу және 200 жаңа жұмыс орнын ашу туралы келісім;
  • «Saran Machinery» ЖШС мен Sinotruk International арасындағы $70 млн сомасына KD дистрибуция және құрастыру саласындағы, технологияны лицензиялау және тауар белгілерін пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер пакеті. Олардың ішінде Саран қаласында жүк және арнайы техника өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандум бар, оның шеңберінде перспективада 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Олжас Бектенов Шанхай қаласында Чжанцзян ғылыми қаласының «Роботтар алқабында» болып, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы Қытай робототехника индустриясының соңғы жетістіктерімен танысты. Қазіргі уақытта аталған ғылыми-технологиялық орталықта 80-нен астам қытайлық және шетелдік робототехника кәсіпорындары жұмыс істейді. 

Қазақстан мен Қытай 2,5 млрд доллар болатын 8 келісімге қол қойды

Роботтардың кең ауқымы, оның ішінде гуманоидтар да ұсынылған. Олардың қолданылу аясы: күнделікті өмірде көмек көрсету мен қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етуден бастап, медицина, білім беру, индустриялық, ғылыми-зерттеу салаларында, құтқару жұмыстары, логистика және басқа да салаларға дейін кеңейіп келеді.

Премьер-министр Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне «Роботтар алқабының»  тәжірибесін зерделеу және оны одан әрі елімізде қолдану мақсатында қытай тарапымен ынтымақтастықты жолға қоюды тапсырды.

Sensetime компаниясының кеңсесіне барған кезде қазақстандық делегация ақылды әрі қауіпсіз қала жобаларында қолданылатын жаңа шешімдер мен жабдықтарды таныстырды.

Айта кетейік, елімізде қытайлық тағы үш автомобиль зауыты салынатыны белгілі болды.

Қазақстан мен Қытай 2,5 млрд доллар болатын 8 келісімге қол қойды
Өзгелердің жаңалығы