Қазақстан мен Иран қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

26 Сәуір 2024, 19:42
295
Бөлісу:
Қазақстан мен Иран қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Иран Ислам Республикасының қорғаныс министрі генерал-майор Аштиани Мохаммад Реза Караимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Иран Ислам Республикасының қорғаныс министрі генерал-майор Аштиани Мохаммад Реза Караимен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан төрағалық ететін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы форматындағы іс-шараларға Иран Қарулы күштері өкілдерінің қатысуы жөнінде пікір алмасты.

Иран Ислам Республикасы өткен жылы ШЫҰ-ға мүшелік рәсімдерін аяқтады, сондықтан қорғаныс ведомстволары басшыларының осы кеңесінде толыққанды қатысушы ретінде әрекет ететінін айта кету керек.

Өзгелердің жаңалығы