Қазақстан мен Франция басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

1 Қараша 2023, 15:46
591
Бөлісу:
Қазақстан мен Франция басшылары бірқатар  құжатқа қол қойды
PHOTO
Фото: Ақорда

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Франция басшылары бірлескен мәлімдеме жасады және екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Франция басшылары бірқатар  құжатқа қол қойды
Қазақстан мен Франция басшылары бірқатар  құжатқа қол қойды

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер ашуға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім;

3. Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларациясы;

4. «QazBioPharm «ҰХ» АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісім;

5. Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісім;

6. «Қазақстан Республикасында теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды, сондай-ақ теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету» жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім.

 

Қазақстан мен Франция басшылары бірқатар  құжатқа қол қойды
Қазақстан мен Франция басшылары бірқатар  құжатқа қол қойды
Өзгелердің жаңалығы