Қазақстан Мальдив аралдарымен визасыз режим туралы келісімді бекітті

21 Шілде 2022, 20:15
1483
Бөлісу:
Қазақстан Мальдив аралдарымен визасыз режим туралы келісімді бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан үкіметінің 16 шілдедегі қаулысымен Мальдив Республикасының үкіметімен визалық талаптардан өзара босату туралы келісім бекітілді.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Құжатқа сәйкес екі елдің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келуге, шығуға, транзитпен өтуге, келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады.

Келісімге 2022 жылдың 9 мамырында Мале қаласында қол қойылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы