Қазақстан-Канада тауар айналымы 700 млн доллардан асты

25 Қараша 2022, 21:26
912
Бөлісу:
Қазақстан-Канада тауар айналымы 700 млн доллардан асты

Биыл жыл соңына қарай Канада мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тауар айналымы айтарлықтай табысты және серпінді дамып келеді. Өкінішке қарай, 2020 жылы рецессия болды, пандемия дамуға түзетулер енгізді. 2019 жылы жақсы динамика көрсетсе, ал 2021 жылы көрсеткіш өте төмен болды. 2021 жылы біз 380 миллион доллар тікелей инвестиция тарттық, тауар айналымы 700 миллион долларға жетті. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы тауар айналымы 700 миллион доллардан асты, биылғы жылдың соңына дейін 1 миллиард долларға жетеміз деген үміттеміз, – деді Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің V мерейтойлық отырысы аясында Қазақстанның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдинов.

Сондай-ақ Қазақстаннан Канадаға экспорт 3,6 есеге өсіп, 609,2 млн АҚШ долларын құраған.

Ақылбек Камалдиновтың айтуынша, Қазақстан одан әрі өңдеу үшін Канада нарығына уран жеткізуде бірінші орында тұр. Жалпы канадалық іскер топтар Қазақстан экономикасының түрлі салаларына үлкен қызығушылық танытып отыр. Мұнда экономиканың, климаттың және аумақтың ұқсас құрылымы маңызды рөл атқарды.

Өзгелердің жаңалығы