Қазақстан IT өнімдердің экспортын 500 млн долларға жеткізеді

8 Маусым 2023, 17:23
819
Бөлісу:
Қазақстан IT өнімдердің экспортын 500 млн долларға жеткізеді
Фото: Ақорда

Қазақстан IT өнімдердің экспортын 2025 жылға дейін 500 млн долларға жеткізбекші, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінде мәлімдеді.

Экономикалық өсім туралы айтқанда, біз тек цифрлар мен көрсеткіштерге ғана емес, сапаға да мән беруіміз керек. Осы бағытта Қазақстанның басты мақсаты – келешектің цифрлық экономикасына көшу, - деп айтты Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуына қарағанда, цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіреді.

2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті. Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайып, 333 миллион доллар болды. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз, - деп толықтырды сөзін Президент.

Өзгелердің жаңалығы