Қазақстан экономикасы 4,2 пайызға өсті – Ұлттық экономика министрі

12 Наурыз 2024, 10:16
1819
Бөлісу:
Қазақстан экономикасы 4,2 пайызға өсті – Ұлттық экономика министрі
Фото: -архив

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жыл басынан бері Қазақстан экономикасы қанша пайызға өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсуі 4,2 пайызға жетіп, қаңтардағы 3,9 пайызға қарағанда жеделдеді. Нақты секторда оң динамика байқалуда. Нақты сектор – 5,1 пайызға, ал қызмет көрсету саласы – 3,5 пайызға өсті. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті, - дейді Байбазаров.

Вице-премьердің мәлімдеуінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 7,9 пайызға жетіп отыр. Ол бұл көрсеткіш қаңтардағы 0,6 пайызға қарағанда айтарлықтай жеделдегенін айтады.

Инвестициялар көлемі құрылыста – 2,7 есеге, білім беруде – 56%-ке, көлік және қоймалауда – 47%-ке, ақпарат және байланыста – 45%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 37%-ке, ауыл шаруашылығында – 12%-ке өсті, - деп мәлімет берді Ұлттық экономика министрі.

Өзгелердің жаңалығы