Қазақстан бітімгерлерді Арменияға жібермейді – СІМ

14 Қыркүйек 2022, 11:55
757
Бөлісу:
Қазақстан бітімгерлерді Арменияға жібермейді  – СІМ

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандық әскерилердің Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында реттеуге қатысу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Мәселе олай қойылып отырған жоқ. Кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс кеңесінде Армения Премьер-министрі ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларына Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай туралы мәлімет берді. Жалпы ақпарат қабылданды, әрине, бізобьективті ақпарат алғымыз келеді. Өйткені екі тараптан әркелкі ақпарат түсіп жатыр. Сондықтан мемлекет басшылары ҰҚШҰ бас хатшысы оқиға орнына барып, толыққанды мәлімет алып, сол мәліметті мемлекет басшыларына баяндауы керек деген шешім қабылданды, – деді Мұхтар Тілеуберді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысының кулуарында.

Сондай-ақ ол Әзербайжан мен Аремияның арасындағы шекара делимитацияланбағанын еске салды. Сондықтан шекараның бұзылғаны туралы қандай да бір пікір айту қиын екенін жеткізді.

Сондықтан қазіргі бірінші міндет әзербайжан-армения шекарасын делимитациялау және демаркциялау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру болып отыр. Біз өз тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Өйткені біз құрлықта және тіпті теңізде де өз шекарамызды демаркациялап алғанбыз. Ресейден басқа бүкіл көршілес мемлекеттермен шекарамызды демаркациялау ісі толық аяқталған. Ресеймен шекараны демаркациялауға тағы 2-3 жыл керек шығар, - деді Сыртқы істер министрі.

Ол бітімгерлік әскер жіберу мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін атады.

Өзгелердің жаңалығы