Қазақстан Ауғанстанға қандай өнімдерді экспорттайды?

31 Шілде 2023, 16:42
955
Бөлісу:
Қазақстан Ауғанстанға қандай өнімдерді экспорттайды?
Фото: Арман Мухатов

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастар мен олардың даму әлеуеті жайында мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

3 тамыз күні Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен ауған тауарларының көрмесі болады. Ауғанстанның сауда министрі Нұриддин Азизи бастаған 200-ден астам делегация келеді деп жоспарланған.

Қазақстан Ауғанстанға қандай өнімдерді экспорттайды?

Ауғанстан - қазақстандық ұнның негізгі тұтынушысы. Біз бүкіл ұн экспортының 70% - ауған халқына жөнелтеміз. Біздің бизнесмендер осы бағытта жемісті ынтымақтасып келеді. Өткен жылы ұн жеткізу көлемі 52%-ға (2021 жылы 895 мың тоннадан 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін), бидай – 20% – ға (2021 жылы 572 мың тоннадан 2022 жылы 687 мың тоннаға дейін), күнбағыс майы-6,2 есе (2021 жылы 2825 тоннадан 2022 жылы 17,5 мың тоннаға дейін) артып, биылдан бастап қара бидай жөнелтіле бастады. Бұл тауарлардың сұраныс әлеуеті өте зор, - деді Қайрат Төребаев Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

2013 жылдан бастап Ауғанстанда қазақстандық компаниялардың 6 сауда-экономикалық миссиясы өткізілді. Ауғанстан Қазақстанға жемістер, көкеністер, жаңғақтар және т.б өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсына алады. 

Айта кетейік, көрме аясында Ауған кәсіпкерлері ең танымал тауарлардың барлық ассортиментін ұсынады.

Саяжан Құдайберген

Өзгелердің жаңалығы