Қазақстан Ауғанстанға көмек жөнелтті

17 Сәуір 2023, 08:08
1253
Бөлісу:
Қазақстан Ауғанстанға көмек жөнелтті
Фото: egemen.kz

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

81 вагонға өсімдік майы, ұн, сүт өнімдері артылған. Қазір бұл пойыз жолда, Ауғанстанға кетіп барады. Бұдан бөлек ұшақпен дәрі-дәрмек жеткізілді.

Өткен демалыс күндері премьер-министрдің орынбасары – Cауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мемлекет басшысының тапсырмасымен Кабулға барып, уақытша билік өкілдерімен кездескен еді. Жұмыс сапары барысында Ауғанстанда Қазақстанның сауда үйін ашу жөнінде шешім қабылданды.

Бүгінгі миссиямыздың басты мақсаты мемлекет басшысының тапсырмасын орындау. Қазақстан халқынан Ауғанстан халқына гуманитралық миссиямен біраз тауар әкелдік. Қазіргі уақытта 5 мыңнан астам тауар Галабай деген станцияға келді. Мында қазір өзімізбен дәрі-дәрмек әкелдік бортпен, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Өзгелердің жаңалығы