Қазақстан әртістері Болгарияда өнер көрсетті

14 Сәуір 2024, 21:09
408
Бөлісу:
Қазақстан әртістері Болгарияда өнер көрсетті
Фото: gov.kz

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солистері мен шығармашылық ұжымы Болгарияда өнер көрсетті. Музыкалық іс-шара София қаласыныі Sofia Balkan Palace сахнасында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахметов, Ардақ Елеусіз, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс пен «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері белгілі қазақ композиторларының күйлерін орындап, қазақ мәдениеті мен өнерін көпшілікке паш етті.

Концерттік бағдарламада «Сарыарқа», «Ана туралы жыр», «Балбырауын», «Ата толғауы», «Адай», «Науысқы», «Кертолғау», «Аққу», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты шығармалар орындалды.

Мәдени шараны Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы